logo
whatsapp

Өнімдер

Сипаттама

Экспресс-тест жаңа коронавирустық инфекция (COVID-19) жағдайында алдын ала скринингтік тексеру ретінде иммунохроматографиялық талдау әдісімен биологиялық материалда (жұтқншақ жағындысы) SARS-CoV-2 коронавирусының антигенін сапалы анықтау үшін  арналған.

Экспресс-тест жұтқыншақтан биоматериалды алу арқылы жүргізіледі. Тестілеу үшін қосымша құрылғы қажет болмайды, құрылғы толық жинақта жеткізіледі, тексеру уақыты 15 минуттан аз.  Lepu Medical  зауытынан тікелей жеткізу. Қолайлы  формат.

  • Тестілеу уақыты: 10-15 минут
  • Үлгі түрі: Назофарингеальді және орофарингеальді жағынды
  • Тесттің форма-факторы: кітапша

Коронавирус вирустардың ауқымды туыстасына  жатады және бір тізбекті РНҚ бар қабықшалы вирус (envelope) түрінде болады. Вирус суық тиюді, Таяу шығыс респираторлық синдромын (MERS), ауыр жедел респираторлық синдромды (SARS) тудыратыны белгілі. 2019-nCoV құрылымдық ақуызы-N нуклеокапсиді (Nucleocapsid) — бұл вирустың ақуызды құрамдауышы. Ол β типті коронавирустар арасында салыстырмалы түрде консервативті және басым түрде коронавирусқа диагноз қою құралы ретінде пайдаланылады. Жасушаға 2019-nCoV енуінің негізгі рецепторы болып табылатын АСЕ2 вирустық инфекцияның даму механизмін зерттеудегі маңызы зор болып табылады.

Тестілеу ұстанымы

Аталған  жинақ «антидене-антиген» реакциясы және иммуноанализ әдісі бойынша жұмыс жасайды. Сынақ жолағында коллоидты алтынмен белгіленген және алдын-ала қабықшаға салынған коронавирустың N нуклеокапсидінің моноклоналды антиденелері, сонымен қатар,  тестілеу аймағында иммобилизацияланған N коронавирус нуклеокапсидінің моноклоналды антиденелері (Т) және бақылау аймағында сәйкес антиденелер (С) болады. Сынақ барысында сынамадағы N нуклеокапсиді коллоидты алтынмен белгіленген және мембранаға алдын-ала қолданылған коронавирустың N нуклеокапсид антиденелерімен байланысады. Осыдан соң конъюганттар капиллярлық ықпал әсерінен жоғарыға орын ауыстырып, мұнда тестілеу аумағында иммобилизацияланған N нуклеокапсидінің моноклоналды антиденелерімен байланысады (Т). Үлгідегі N нуклеокапсидінің мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым антиденелер көбірек байланысып және сынақ аймағының түсі күңгірт болады (Т). Егер үлгіде жаңа коронавирус болмаса немесе вирустың мөлшері анықтау шегінен төмен болса, сынақ аймағының түсі (T) өзгермейді. Үлгіде вирустың болуына қарамастан, бақылау аймағында (С) күлгін-қызыл сызық пайда болады.

1. Үлгіні назальді жағында немесе жұтқыншақтан жағынды сынамасын алудың стандартты процедурасы арқылы дайындау керек.

2. Сынақ жинағына қосудың алдында сұйықтықтың шашырауының алдын алу мақсатында екі жақты жабысқақ материалдың жоғарғы қабатын алып тастаңыз.

3. Тампонның басын А саңылауына В саңылауының түбінен салыңыз.
4. Үлгіні араластыру үшін алты тамшы буфер қосып,  кейін оны сағат тілімен және сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
5. Сол  жағын аударып, екі жағын толық сәйкестендіріңіз, уақытты есептеуді бастаңыз және күлгін-қызыл түсті жолақ пайда болғанға дейін күтіңіз. Тест нәтижелерін 15-20 минут ішінде оқу керек.

Артықшылықтары

  • Инвазивті емес
  • Пайдалану жеңіл
  • Ыңғайлы
  • 15 минутта нәтиже алу
  • Жоғары дәлдік
  • Қолайлы баға