logo
whatsapp

Медициналық құрылғылардың түрлері

Медициналық мекемелердің жұмысын арнайы аппаратурамен жабдықталмаған жағдайда елестету мүмкін емес. Медициналық құрылғылардың түрлері қолданылу саласы бойынша және тағайындалуы бойынша сыныпталады. Олардың кейбіреулері диагностикалық шаралар үшін, енді біреулері терапевтік шаралар үшін қолданылады. Олардың тізімі өте ауқымды.

Тағайындалуы бойынша сыныптау

Медициналық құрылғылар әртүрлі мақсаттарға арналған және аталған критерий бойынша келесідей бөлінеді:

  • Хирургиялық: коагуляторлар, лапароскоптар, электрлік пышақтар, оте үстелдері, сорғыштар, ЭХЖЖ және т.б;
  • Зертханалық: талдағыштар (гематологиялық, биохимиялық), ИФА-құрылғылар, РН-метрлер, термостаттар, центрифугалар, бокстар және т.б.;
  • Терапиялық: инфузиялық сорғылар, әр алуан стимуляторлар, ультрадыбыстық құрылғылар, микротолқынды терапия аппараттары және т.б.
  • Диагностикалық: электрокардиографтар, эндоскоптар, эргометрлер, электроэнцефалографтар;
  • Физиотерапевтикалық: ингаляторлар, УЖЖ және магнитотерапия аппараттары, ультрадыбыстық, массажерлер, ультракүлгін және т.б.

Хирургиялық құрылғыларға роботты жүйелер жатқызылады -бұл қол жетімді органдарда және ең кішкентай кесінділерде жоғары дәлдікпен хирургиялық араласуға мүмкіндік беретін инновациялық әзірлеме. Сондай-ақ, аталған құралдар тобына әртүрлі типтегі аспираторларды да жатқызуға болады. Олар ота жасау барысында  сұйықтықты сору үшін арналған.

Зертханалық құрылғылардың көптеген түрлері бар, олар жұмыс ұстанымы және мақсаты бойынша ерекшеленеді. Кез келген медициналық зертханада центрифугалар, стерилизаторлар, фотоколориметрлер, фотометрлер болуы керек.

Қолдану саласы бойынша сыныптау

Медициналық мониторлар медициналық құрылғылардың жеке түрі болып саналады. Олардың арқылы дәрігерлер емделушінің ағзасында  болып жатқан өзгерістерді бақылай алады. Сонымен қатар, олар денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін, мысалы, қан құрамы, қан қысымы және басқа да функцияларды тіркеуге мүмкіндік береді.

Емделушінің тіршілік қабілетін сақтау үшін жан сақтау мақсатында қолданылатын құралдар жеке топқа біріктіріледі. Құрылғылардың осы санатына ӨЖЖ, АИК, диализ, жүрек-өкпе жүйесі аппараттары кіреді.

Ұйымдыстыру типіне тәуелсіз емдік - профилактикалық мекеменің функционалдығын арттыру мақсатында стерилизаторлар, тіркеу жүйелері және т.б. кіретін қызмет көрсететін құрылғылар қажет болады.

Стерильдеу және дезинфекциялауға арналған құрылғылар да айрықша маңызды болып табылады:

  • Кептіру-стерильдеу шкафтары;
  • Дезинфекциялық қайнатқыштар;
  • Стерилизаторлар;
  • Ультракүлгін сәулелендіргіштер;
  • Зарарсыздандырғыштар және т.б.

Медициналық қызметтің мамандануына байланысты медициналық-диагностикалық құрылғылар келесі түрлерге жіктеледі: акушерия және гинекология, стоматология, неврология, офтальмология және т.б.

Дерек көзі: medexinter.ru